Шымкентте 7 оқушы коронавирус жұқтырған

145

Шымкентте коронавирус жұқтырған оқушылар саны 7-ге жетті. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Позилов мәлім еттті.

Қазір балалар тиісті ем-дом шараларын алып жатыр. Шәкірттердің барлығы да қашықтан білім алып жүрген дейді сала басшысы. Айтуларынша, жеткіншектерден қауіпті инфекцияның симптомсыз түрі анықталған.

Бақытжан ПОЗИЛОВ, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Қазір балалардың жағдайы жақсы. Ем алып жатыр. Иммунитеттері мықты, жас болғандықтан олар ауруды тез жеңеді. Қазірдің өзінде оң нәтижелер байқалуда».

Сала басшысы қалада жылыту маусымы басталмай жатып, газдан улану дерегінің жиілеп жатқанына алаңдаулы. Осыны ескерген мамандар жылыту маусымына дайындыққа келгенде халықтан аса жауапкершілік танытуды сұрайды.

Мақпал Рысбаева