Балық шаруашылығы әлемнің көптеген елдерінде экономиканың дамушы секторларының бірі болып табылады. Осыған сәйкес, 2020 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің төрағалығымен «Балық шаруашылығы саласын дамыту мәселелері туралы» семинар-кеңес өткізіліп, елімізде балық шаруашылығын дамыту туралы бірқатар тапсырмалар берілді.
Осыған орай, басқарма басшысы А.Қаныбеков Атырау облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен тәжірибе алмасты.
Тәжірибе алмасу барысында Шымкент қаласы аумағында «бекіре» тұқымдас балық түрін асырау мүмкіндігі қарастырылды.
Қала аумағындағы қолда бар су ресурстарын ескере отырып «Текесу» және «Ақжар» су қоймаларында бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге су көлемі жеткілікті деңгейде екендігіне сараптама жүргізілді. Қазіргі таңда осы мүмкіндікті пайдалана отырып аталған су қоймаларында балық шаруашылығын дамытуға инвесторлар тартып, арнайы бағдарлама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.