Шымкентте кезекші сыныптар қатары артып отыр

168

 

Шымкенттік ата-аналар балаларын мектептерде оқытқысы келеді. Қалада кезекші сыныптардың саны артып отыр. Бұл туралы бүгін білім басқармасының басшысы мәлім етті.

Осыған дейін 49 мың бала ата-аналарының өтінішімен білім ұяларында оқыса, қазір олардың саны 7 мыңға көбейген. Осылайша кезекші сыныптардағы шәкірттер саны бүгінде 56 мыңнан асып жығылады.

Алайда, мектеп басшылығы санитарлық жағдайларға жауапты болғанмен, не мұғалімдерді не оқушыларды қорғаныс құралдарымен қамтуға міндетті емес дейді сала басшысы.

Жанат ТӘЖИЕВА, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы: «Әркім қорғаныс құралдарын өздері алу керек. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігі үшін медициналық маскаларды ауыстырып отыруын қамту керек».

Шымкенттік шәкірттер әлі күнге дейін толығымен тисті техникалық құралдармен де қамтылмай отыр. Не компьютері, не ұялы телефоны жоқ 80 мың оқушының 36 мыңына ғана қашықтан оқуға қажетті құралдар таратылған. Қалған техникалар алдағы күндері жеткізіледі дейді жауаптылар.

Мақпал РЫСБАЕВА