Қаламызда көлік инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ету мақсатында Республика даңғылының Б.Момышұлы көшесінен бекетке дейінгі аралығында орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.
Қазіргі таңда, мердігер «Корпорация Береке-А» ЖШС-нің тарапынан Республика даңғылында жол өткелді («Колос» туннелі) абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстарға байланысты, өткелдің Республика даңғылында (Гагарин көшесінен Дамбовый көшесіне дейін) 17-23 қазан күндері түнгі сағат 23:30-ден таңғы 07-00 аралығында түнгі ауысымды жол бөлігі жабылатындығын хабарлаймыз.