Шымкентте жыл сайын 200-ден аса төтенше жағдай тіркеледі

150

Елімізде жыл сайын орта есеппен 18 мыңнан астам төтенше жағдай тіркеледі. Құрамына өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, дәрігерлер, психологтар, ұшқыштар кіретін қызметкерлер төтенше жағдайларды жойып, өрттерді сөндіреді.

Халық пен мүлікті құтқарады. Жылда орын алатын оқыс оқиғалардың 15 мыңы өрт жағдайларына қатысты дейді құзырлылар. Жыл сайын төтеншеліктер 8 мың азаматты құтқарып, 20 мыңнан астам адамды эвакуациялайды екен. Онымен қоса 4 мыңнан аса зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі. Ал Шымкентте жыл сайын 200 — дей төтенше жағдай тіркеледі екен.

Зарипа ТҰРЫСБЕКОВА, Шымкент қаласы ТЖД баспсөз хатшысы: «200 адам құтқарылады. Бұл оқиғалардың санына қарай. Көп тіркелген сайын құтқарылатын адамдар саны сәйкесінше артып отырады».

Айта кетейік, қаладағы мамандар жыл сайын 2 мыңнан аса шұғыл шақырылымға шығады екен. Қазір бұл салада 880 адам жұмыс істейді. Өрт сөндіруге арналған 100-ге жуық техника қолданыста. Жуырда Белоруссиядан 30 арнайы техника мен 17 автокөлік алдырылыпты.

Мақпал РЫСБАЕВА