Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамыту жанданып келеді

394

Созақ ауданында төрт түліктің төресі — түйені көбейту қолға алынды. Облыс басшысы ойсыл қара тұқымын көбейту арқылы өзге өңірлермен бәсекелес болуға қауқарлы ауданға осы кәсіпті мықтап қолға алуды тапсырған болатын.

Алдағы уақытта Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Созақ, Шардара аудандарында биыл қосымша 4 мыңға жуық інген сатып алу жоспарланған. Осылайша өндірілетін сүттің көлемін 14 мың тоннаға яғни, 15%-ға арттыру көзделіп отыр.

Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев ауданға арнайы жұмыс сапары барысында түйе шаруашылығымен айналысатын бірқатар шаруа қожалықтарының жай-күйімен танысты.

Мақпал Рысбаева