Созақ ауданына іс — сапармен барған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Жастар ресурстық орталығының» жаңа ғимаратын ашып берді.
Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген ғимарат соңғы үлгіде салынған. Облыс басшысы жаңа орталықтың ашылу салтанатына орай шаңырақ көтерген жас жұбайларға салтанатты түрде неке куәліктерін табыс етті.
Өңір басшысы ерлі-зайыптыларға отбасылық өмірде сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
Мақпал Рысбаева