Шымкент әкімі ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады. Атаулы датаға орай ұйымдастырылған салтанатты шара барысында «Үздік педагог-2020» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатқа ие болды.
Лицейдің орыс тілі мұғалімі Гүлзира Анартаева «Үздік педагог -2020» медалімен және қоры 2 млн. 778 мың теңге сыйақымен марапатталды.
«Үздік педагог-2020» республикалық байқауының жеңімпазы Гүлзира Анартаевамен бірге марапатқа Шымкент қаласынан тағы екі ұстазы ие болды. Оларға сала министрлігі тағайындаған «Үздік педагог-2020» төсбелгісі мен қоры 2 млн. 778 мың теңге сыйақы сертификаты табыс етілді.
Салтанатты жиын барысында құрметке бөленген 12 үздік мұғалімге қала әкімінің «Алғыс хаты» мен 400 мың теңге көлемінде сыйақы табыс етілді.Марапатталғандар мектеп, интернат, колледждердің үздік педагогтары. Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие берген ұлағатты ұстаздар бүгін еңбегінің жемісін көріп бір марқайып қалды.
Гүлзифа МОМЫНАЙҚЫЗЫ, №65 мектеп-гимназиясының мұғалімі: «Ұстаз болу үлкен мәртебе. Бүгінгі марапат 35 жыл еңбегімнің жемісі деп білемін. Әріптестеріме айтарым, шаршамаңдар, отбасыларыңа амандық, шығармашылық табыс тілеймін».
«Ұстаз деген — ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді. Сіздермен біз мақтанымыз. Еңбектеріңіз жана берсін. Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық тілеймін», деп атап өтті құттықтау сөзінде қала басшысы.
Құрметке ие болған ұстаздар онлайн режимі арқылы білім және ғылым министрлігінің арнайы марапатына ие болған шымкенттік және өзге өңірлердегі әріптестірінің жетістіктеріне куә болды.
Мерекелік шара қалалық білім басқармасында жалғасын тапты. Мұнда Шымкенттегі білім ордаларында дәріс алып түрлі салада шыңдалған шәкірттер ұлағатты ұстаздарын қашықтан құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Шынар Оразова