Шымкентте заңсыз сауда жасаушыларға тұрақты рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Абай ауданы Полиция басқармасы мен әкімдік қызметкерлері аудан аумағындағы белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларға кезекті бақылау жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында Әл-Фараби көшесі бойында шаһар көркін бұзатын ретсіз сауда орындары анықталды.
Заңсыз сауда жасаушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі баптары түсіндіріліп, қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керек екені ескертілді. Аудан аумағында бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді.
Жалпы, жыл басынан бері Абай ауданы бойынша заңсыз сауда жасаушыларға 298 635 теңге айыппұл салынған. 675 хаттама толтырылып, 632 ескерту берілген.