Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!
Ю.Сареми, Жаңақұрылыс көшелеріндегі көлік қозғалысы уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз.
Құдайбергенов көшесінен Шапағат көшесіне дейінгі аралықтағы Ю.Сареми, Жаңақұрылыс көшелерін жөндеу жұмысына байланысты көлік қозғалысы кезең-кезеңімен шектеледі.
Жөндеу жұмыстарын бүгін, 11 қарашадан басталып, 1 аптаға созылады.
Осыған байланысты жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.







