Кітап фестивалі өтеді

617

Шымкентте алғаш рет республикалық «Kitap Fest» кітап фестивалі өтеді. Бұған дейін Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында болған іс-шара биыл 7-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Фестивальдің мақсаты жаңа кітаптарды насихаттау, сонымен қатар қоғамды кітап оқуға тарту. 30 қараша күні «Көрме» орталығында басталатын іс-шара бір апта бойы жалғасады. Онда оқырман сүйікті шығармаларының авторларымен танысып, бір-бірімен кітап алмаса алады.

Зәуре Оралбаева, Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасының «Рухани Жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі: «Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы аясында өтеді. Республикалық деңгейде болғандықтан Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Шымкент баспа үйлері, кітапханалары, кітап дүкендері және кітапханашылар қатысады. Өздерінде басылған кітаптар, отандық, шетелдік кітаптарды әкеліп оқырманға ұсынады. Бүкіл қала тұрғындарын, қала қонақтарын, ата-аналарды балаларымен бірге шақырамыз. Жастарды шақырамыз».

                                                                                                     Олжас Айдарбек