Шымкент: Орман тұқымбағында көктемге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

99

 

Шымкент қаласында жасыл алқаптарды көктемге дайындау жұмыстары жүруде.

Қалалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» КММ-нің қызметкерлері қала аумағынан боз арша және акация ағашының тұқымдарын жинау жұмыстарын жүргізді.

Онымен қоса гледичия ағашының тұқымдарын себуге дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 8,2 гектар аумақтағы орман тұқымбағында себуге дайын болған тұқымдарды себу үшін жер дайындалуда.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі