«Түркістанның инфрақұрылымына тағы 23 млрд. теңге керек»

127

Түркістан қаласындағы инфрақұрылымдық жүйені дамытуға тағы 23 млрд. теңге қажет. Бұл қаржыны бүгін парламент сенатының отырысында депутаттар Асқар Маминнен сұрады. Сөздерінше, облыс орталығында құрылыс жұмыстары қанша қызғанымен, әлі күнге дейін өркениетке жете алмай келеді. Себебі, аумақта ауыз су, жарық пен газ мәселесі толықтай түйінін тарқатпаған.

Жауаптылар Түркістан қаласындағы инфрақұрылым жүйесінің кенже қалғанына алаңдаулы. Және оны дамыту үшін премьер-министрден 23 млрд. теңге сұрап отыр. Сөздерінше, облыс орталығында құрылыс жұмыстары қанша қайнағанымен, қала әлі күнге дейін ауыз су, жарық, көгілдір отынға жарымай келеді.

Әли БЕКТАЕВ, ҚР Парламент сенатының депутаты: «Өкінішке орай, қаралған бюджетте қажетті ауыз су, кәріз жүйелері электр жарығын беретін желілер т.б қаржы жетіспейді. Осыған байланысты біз премьер-министрден 23 млрд. теңгенің көлемінде 3 жылдық бюджетте қаржы қарауын сұрап, депутаттық сауал жолдап отырмыз».

Бұдан бөлек, бүгінгі сенат отырысында Қазақстан билігі Беларусиямен келісімнің 9 түрін дайындамақ. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрі мәлімдеді. Ерлан Тұрғынбаев сөзінше аталған елмен көші-қон, адамдар жайлы ақпарат алмасу, қос азаматтық тақыбырын түйіндеу керек. Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанға шет елден 6 млн. азамат келіп, 94 мыңы тәртіп бұзған.

Рысқали ӘБДІКЕРОВ, ҚР Парламент сенатының депутаты: «Бүгінгі қаралып отырған заң жобасындағы бүкіләлем қоғамдастығындағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіріп отырған заңсыз көші-қон проблемасы біздің елімізде де барған сайын айқын көіріністерге ие болып, бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр».

Сенат отырысында ҰҚК-не қатысты заңға да түзетулер талқыланды. Шенеуніктер комитетке қарасты шекара қызметін күшейтіп, заманауи құрылым құруды алған қойып қойып отыр

Сергей ЕРШОВ, ҚР Парламент сенатының депутаты: «ҰҚК мен оның ведомстваларының қызметін реттейтін нормаларды заңнамалық тұрғыдан бекіту. ҚР ҰҚК шекара қызметінің оның аумақтық және басқа органдарының заманауи құрылымын құру».

Сенат депутаттары қолдаса, келесі жылдан бастап, елімізде кеме қатынасы да күшеймек. Ол үшін Еуразия экономикалық одақ елдерімен келісімге келген ведомства өкілдері Жерорта және Қара теңізге кеме жіберуді көздеп отыр.

 Назерке Үкібасова