Бір апта ішінде бейнекамера арқылы 6 қылмыс ашылған

241

Ағымдағы жылдың 30 қараша мен – 6 желтоқсан аралығындағы Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 7494 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шылынып, оның 2993-і электронды тіркеуге алынған.

Бұдан бөлек, апта аралығында бейнебақылау камералары көмегімен 6 қылмыс ашылған. Олар: ұрлық – 5 және басқада қылмыстар. Айта кетейік, Жедел басқару орталығында қаланың әр түкпірінде болып жатқан қандайда бір құқық бұзушылықтар Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінің көз алдында бейнебақылау камераларымен бақыланады.

Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға үлкен көмегін тигізуде. Бейнекамераларға жазылған ақпарат бір ай көлемінде сақталады. Камераның тиімділігі 360 градусқа дейін бұрылып, айналаны түгел шолатын құрылғылардың назарынан қандай да бір заң бұзушылықтың назардан тыс қалуы мүмкін емес. Қылмыстың ізін суытпай ашылуына осы бейнебақылау камераларының үлесі орасан.

Ал нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша -972 жайт анықталған.

ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы ( қоғамдық орындарда қоқыс қалдығын тастау) бойынша – 32, ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы (қоғамдық орындарда мас халде жүргендер) бойынша – 25, ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы (қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша-33, ал жол ережесін бұзғандар – 696 , одан басқа да 186 жайт анықталды.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаменті