Биыл Шымкентте автоматтандырылған тәртіпте 354 педагог жұмысқа қабылданды

125

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиеваның білім саласында атқарған жұмысы жөнінде есебін тыңдады. А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында өткен есепті жиыннан алдын қала әкімі қаладағы мектеп басшыларымен кездесіп, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, Жанат Арысбекқызы қала әкіміне жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Басқарма басшысының сөзінше биыл педагогтарды жұмысқа қабылдауда іріктеу тәртібі автоматтырылған жүйеде жүзеге асырылған.
–Нәтижесінде, қабылданған 354 педагогтың 121-і үздік дипломмен, 125 магистр және шет елде білім алған 17 сапалы кадр іріктелді. Одан бөлек, мектептерді сапалы кадрмен қамту мақсатында жоғары оқу орындарымен 5 жыл көлемінде педагогтарды даярлау туралы меморандум түзілді, – деді ол.

Өз есебінде Ж.Тәжиева «Teach For Shymkent» жобасы арқылы педагогтарды дамыту мен ЖОО профессор оқытушы құрамын (ғалымдар) мектептерге 0,25 оқу жүктемесімен жұмысқа тартуды қолға алынғанын және педагогтарды баспаналы болуға және оларға көрсетілген әлеуметтік қолдау туралы баяндады.

Басқарма басшысының есебін тыңдаған М.Әйтенов қала мектептерін заманауи жабдықтармен жарақталған STЕМ-зертханасы, робототехника, химия, физика, биология секілді пән кабинеттерімен бағдарламаға сәйкес қамтамасыз етуді тапсырды.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі