«Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату стансасы іске қосылмақ

256

Түркістанда «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату стансасы іске қосылмақ. Осы арқылы тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмысы ілгерілейді дейді облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев газ қосылған үйлерді аралау барысында. Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сай рухани астананың тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша қызу жұмыстар жүргізілуде.

Облыс орталығын газдандыру 11 кезеңге бөлінсе, оның 10 кезеңінің құрылысы біткен. Қалған 1 кезеңін жүзеге асыру жүктелген мердігерлік ұйым жыл соңына дейін 2 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, пайдалануға тапсыруы тиіс. Және де қала халқы әкімдік пен «ҚазТрансГаз» АҚ арасындағы келіссөздерден көгілдір отынды үйіне орналастыру құжаттарын 2 тәулікте қарастырылатын болады.

Айта кетейік, Түркістан қаласында 52 мың абоненттің 12 мыңнан астамы табиғи газ пайдалануда. Бұдан бөлек, 36 мың тұрғынға газ қосу қолжетімді. Бұл көрсеткіш қала тұрғындарының 68%- ын құрайды. Күні кеше қаладағы Алтынбеков көшесінде тағы 30 отбасының үйіне табиғи газ тартылды. Осылайша, қара күйеден арылған халық басшыларға дән риза.

Шарипа АЛДИЯРОВА, Түркістан қаласының тұрғыны: «Ауылымызға көгілдір газ келіп жатыр, қуаныштымыз. Осы қолға алып жатқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке және «ҚазТрансГазға» алғысымыз шексіз. Сол кісілердің жоспарымен қолға алынып, осындай Түркістан қаласы көркейіп, газ жағып жатыр. Соған қуаныштымыз. Ауылымыздың экологиясы да өзгеріп, кешке қарай көк тұүтін болатын еді, қазір ауамыз ашық әдемі. Мердігерлермен уәделесе келісімшартқа келіп, мұқтаж отбасылаға тегін газ тартып берді».

Нұрлан Сұлтанбек