Инклюзивті оқыту – білім берудегі жаңа әдіс

351

«Ашық әкімдік» жүйесі аясында, «Адами капиталды дамыту бөлімінің» басшысы Ақмарал Батырбекова тікелей эфирге шықты. Онлайн мәлімдеме «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті білім беру жағдайы» тақырыбында өтті. Жарты сағаттан аса уақыт өткен онлайн эфирде бөлімнің соңғы атқарылып жатқан жұмыстар барысы мен карантин режимінде білім беріп жатқан мектептердегі жаңалықтар айтылды.

Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

Аталған әдіс мектептерде инклюзивті білім беретін арнайы мамандары бар орталық құру арқылы жүзеге асуда.
Инклюзивті білім беру ресурстық орталығының басты мақсаты – ерекше мұқтаждықтары бар балаларға деген қоғамның көзқарасын өзгерту, қоршаған ортаға бейімдеу, жалпы білім беретін мектептерде ықпалдастырып оқыту және баланың дамуы үшін қолайлы орта қалыптастыру.

Орталықта педагог- психолог, дефектолог, мұғалім көмекшілері балалармен түзету- дамыту жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда қаламыздың 2019- 2020 оқу жылдары А.Байтұрсынов атындағы №1, Т.Бигелдинов №16, №21, 24 жалпы орта мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы инклюзивті білім беру ресурстық орталықтары ашылған. Болашақта қала бойынша инклюзивті білім беру бойынша ресурстық орталықтар санын көбейту жоспарланған.

Тікелей режимде жаңа оқу әдісіне қызығушылық білдірген қала тұрғындары бірқатар толғандырған сұрақтарын қойып, аталған әдістің балалар үшін жақсы мүмкіндік екендігін жазып, жылы лебіздерін білдірді.

Кездесу соңында бөлім басшысы тұрғындарды Тәуелсіздік мейрамымен құттықтап, бөлімнің байланыс құралдары арқылы сұрақтарға жауап ала алатындығын айтты.

🔸️ Instagram: @adami_kapital
🔹️ Facebook: Адами капиталды дамыту бөлімі
📞8 707-493-30-87