Карантин режимін бұзудың жүзден аса жайты анықталды
Шымкент қаласының полицейлері тұрақты түрде карантиндік шараларды бақылау және сақтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде.
Арнайы мобильдік топтар адамдар көп шоғырланатын орындарда тұрақты рейдтік шаралар мен тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Соның нәтижесінде қала аумағында мобильдік топтар карантин енгізілген уақыттан бері 28 жайт анықталып айыппұл салынды. Оның ішінде 2 жинақталған материалдар сотқа жолданды.
Шымкент қаласының Ш.Уалиханов көшесінде 192/1 үйде орналасқан «Орион» бильярд клубына мониторинг жүргізу барысында карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап жатқаны, сонымен қатар жұмыс орнында қызметкері бір реттік бетпердені мүлдем тақпағандығы анықталды.
-Шымкент қаласы Т.Рыскулов көшесі 61 үйде орналасқан «Х 13» кафесін мониторинг жүргізу барысында карантиндік талаптарды сақтамай 21 адамға және 9 адамға арналған жиын өткізіп жатқаны, сонымен қатар жұмыс орнында қызметкері бір реттік бетпердені толық тақпағандығы анықталды. Кафе әкімшілігінен түсініктеме алынды.
-Шымкент қаласының Тауке Хан даңғылы 277 үйде орналасқан «Пандора» рестобарға мониторинг жүргізу барысында карантиндік талаптарды сақтамай 23:00-ден кейін жұмыс жасап, келушілерді қабылдап қызмет көрсетіп жатқаны анықталды. Рестобар әкімшісінен түсініктеме алынды.
— Шымкент к. Тоғыс елді мекені, Қарақыстақ көшесі 112 үйде мониторинг жүргізу барысында карантиндік талаптарды сақтамай, 80 адамнан асатын беташар жасап жатқаны анықталды.
Тәртіп сақшылары ұдайы тұрғындарға карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ал анықталған құқық бұзушылық жайттарына қатысты нысан иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша хаттама толтырылып, жинақталған материалдар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған.