Түркістан облысы Қазақстан бойынша карантин ережесін бұзған аймақтар көшін бастап тұр. Бүгінге дейін облыста карантин талабын сақтамау бойынша 3279 жағдай тіркелген.

Екінші орында Алматы облысы мен Алматы қаласы. Осылай деген жауаптылар елдегі эпидемиологиялық ахуалмен бөлісті. Сөздерінше індеттің тіркелуі Қазақстанда 10 пайызға өскен.

Қызыл аймаққа Қазақстанның тағы бір қаласы өтті. Ол Павлодар облысы. Айта кетейік бүгінде екі аймақта коронавирус індеті ушығып тұр. Ал, Қостанай мен Ақмола облысында жағдай оңалған. Бұған дейін Шығыс Қазақстан да сары аймаққа кірген еді. Бүгінде ол жақта шектеулер алына бастапты.

Өткен тәулікте вирус 946 қазақстандықтан анықталған. Олардың 70 пайызынан коронавирус, 30 пайызынан пневмониялық коронавирус анықталған. Ал, оқу жылы басталғалы 2539 оқушыдан індет табылған. Оның 738-і кезекші сынып шәкірттері.

Назерке Үкібасова