Келес ауданында жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде

176

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Келес ауданына барды. Сарыағаш ауданынан екі жарым жыл бұрын бөлінген аймақ бүгінде ақырындап аяққа тұрып келеді. Осылай деген өңір басшысы аумақта бой көтеріп жатқан мектеп құрылысымен де танысты.

Айта кетейік, білім ұясының құрылысы өткен жылы басталған еді. Содан бері әлі жалғасып келе жатқан жұмыстар келесі жылы аяқталып, пайдалануға берілмек.

Осылай деген жауаптылар аудан тұрғындарымен де кездесті. Және аймақтағы мәселелерді талқыға салды.

Назерке Үкібасова