Шымкентте екі мектеп директоры пара алды деген күдікпен сот алдында жауап беруде

251

Шымкентте екі мектеп директоры пара алды деген күдікпен сот алдында жауап беруде. Осылай деген қаланың бас ұстазы күдікке ілінген мектеп басшыларының биыл қайта азайғанын айтады. Өткен жылы 3 мектеп директоры мен білім басқармасы басшысының орынбасары жауапқа тартылған екен.

 

Жанат ТӘЖИЕВА, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы: «Екі мектептің директоры бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа күдікті болып танылып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін осында бірінші басшылардың қатысып отырғанын себеп қылып айта кеткім келеді. 2019 жылы келіп түкен арыздар саны 334-ті құраған болатын. Ол бірінші басшының, педагогтардың сыбайлас жемқорлыққа алып келген әрекеттеріне байланысты».

Жалпы биыл Шымкенттің білім саласына 114 млрд. теңге бөлінген болатын. Ендігі жылы қаржы 135 млрд. теңгеге жетуі мүмкін. Бірақ, осыған қарамастан қалада екі мектеп апатты күйде тұр. Қала берді 3 мектептің әлі күнге дейін асханасы жоқ. Тағы да 4 білім ұясы спорт залсыз.

Айта кетейік, биыл Шымкентте 4 жаңа мектеп, 2 өнер мектебінің құрылысы аяқталды. Алдағы 3 жылда тағы 25 мектеп күрделі жөндеуден өтпек.

Назерке Үкібасова