Түркістан: Медицина қызметкерлері құрметке бөленді

180

Түркістандық медицина қызметкерлері мен студенттеріне сый-сияпат үлестірілді. Облыстық денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің кәсіподағы 120 маманға азық-түлік себетін таратты.

Құрметке бөленген медицина өкілдерінің басым бөлігі жалғызбасты аналар. Солардың бірі – Мөлдір Сәрсенбаева.


МӨЛДІР СӘРСЕНБАЕВА, жалғызбасты ана: «Мен жалғызбасты анамын. Алимент алмаймын. Үкіметтен көмек алмаймын. Тек жұмыстан айлық аламын, ол айлықпен қиын маған. Үлкен қызым студент. Кәсіподаққа рахмет үлкен, бізге қолдау көрсетіп, мұның өзі бізге үлкен көмек. Мұны да аламайтын кезіміз болады кейде.


Медицина колледжінің студенттері де назардан тыс қалмапты. Оларға кәсіподақ қызметкерлері бір жылдық шәкіртақы тағайындаған. Ал, пандемия кезінде жұртты емдеймін деп өзі ажал құшқан ақ халаттылар мен тазалық қызметкерлерінің отбасына 100 мың теңгеден табысталды.

     Назерке Үкібасова