Түркістан қаласы әкімінің қызметінен кететіні рас па?

251

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов жуық арада қызметін ауыстырмайды. Бұған дейін әлеуметтік желіде рухани астана әкімінің Нұр-Сұлтанға кететіні жайлы ақпарат тараған еді. Енді міне бұл қауесетке басшының өзі жауап берді. Сөзінше Аюпов рухани астананы ел астанасына айырбастамайды. Және Түркістанның дамуына әлі де үлес қоса бермек.

Рашид АЮПОВ, Түркістан қаласының әкімі: «Мен Түркістан қаласының әкімі болғалы осындай қауесет тарай бастады. Мен ешқайда кетейін деп жүрген жоқпын. Және басшылықтан ондай тапсырма да келген жоқ. Алда жоспар көп. Оның ішінде Түркістанды толықтай газдандыру да бар».

39 жастағы Рашид Аюпов Түркістан қаласы әкімі қызметіне бір жарым жыл бұрын кірісті. Оған дейін ол «Шымкент Әлеуметтік Кәсіпкерлік корпарациясын» басқарған еді. Ал оған дейін 2009 жылдан 2015 жылға дейін мемлекеттік қызмет бөлімінде меңгеруші, одан кейін қаржылық тұрмыстық бөлімді басқарды.

Осыдан кейін 2015 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы атанды. Екі жылдан соң » Нұр Отан» партиясының баспасөз орталығын басқарды. Ал 2018 жылы Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі атанды. Сол кездің өзінде ол үшінші мегаполистің 2020 жылғы кейіпін айтып берген еді. Әкім қаланы жаңа технологияға бейімделеді деп болжаған еді.

Назерке Үкібасова