«Есіктен есікке» акциясы аясында Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Д.Динашова, Қ.Әділбеков, Н.Байғозиев, Е.Төребеков, Е.Құрбанбаев үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, сайлаушылардың ұсыныс-пікірін тыңдады.

Бүгінгі таңда Сарыағаш ауданында 71 елді мекеннің 36 елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, яғни 50,7%-ды құрайды. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған 35 елді мекен, оның ішінде 4 елді мекен экономикалық жағынан тиімсіз шалғайда орналасқан. Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 480,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде ауылдық елді мекендері – 310,1 шақырым (37,2 ш.қ. немесе 12,0%-ның сумен жабдықтау желісі тозған), Сарыағаш қаласында 170,4 шақырым (56,7 ш.қ. немесе 33,2%-ның сумен жабдықтау желісі тозған). 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: Сарыағаш қаласының ауыз су жүйелерін қайта құруға; 2025 жылға дейін 31 ауылдың тұрғындарын кезең-кезеңімен сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге, оның ішінде:

2021 жылы Жаскешу, Атамекен, Тегісшіл, Мәдениет, Көктөбе-Телемұнара елді мекендерін;

2022 жылы Береке, Бостандық, Әлімтау, Жаңатұрмыс, Сарысу, Дербісек, Шайхана, Нұрауыл, №3 ферма, Қызыласу, Жайдаққұдық, Көктал, Жылға елді мекендерін;
2023 жылы Ақниет, Қанағат, Жонарық, Жылға, Жібек жолы, Қарабау, Зортөбе, Сарқырама, Ақжар, Қабыланбек, Жаңақұрылыс елді мекендерін;
2024 жылы Шеңгелді Тасқұдық, Ақүй, Достық елді мекендерін сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы аудан тұрғындары 100% таза ауыз сумен қамтасасыз етіледі.
Сайлаушылар, бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын көз жеткізген тұрғындар, алда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беретіндіктерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді