Шымкенттік отбасы 19 жастағы жігіттің өмірі үшін күресуде. Дәрігерлер жас жігітті өткір Т- лимфобластикалық лейкемия диагнозымен үйіне қайтарған. Төсекке таңылған үшінші мегаполистің тұрғыны шетел дәрігерлерінің көмегіне мұқтаж. Алайда науқасты емдетуге отбасының мүмкіндігі жоқ.
«Осы орындықта ұйықтайды, онкология әбден бізді шаршатты» деген Халида Имамбердиева жиені Тимур Шапинскийдің күнделікті көрген азабын айтып жылайды. Жас жігіт небәрі 19 жаста. Бір жыл бұрын бауырына төртінші сатыдағы өткір Т- лимфобластикалық лейкемия ауыр диагнозы қойылыпты. Содан бері әрбір күні күресумен өтуде. Бұл отбасының жалғыз үміті шетел дәрігерлерінде, себебі Қазақстанда жас жігіттке ешкім көмектесе алмайды екен.
«Барлық үмітіміз Израильге барып сондағы дәрігерлерге емделу»,- дейді отбасындағылар.
Қатерлі ісік ауруынан Тимур төсектен де тұра алмайды, сөйлеуден де қалған. Ауырсынуды басатын күшті дәрілер де көмектеспейді екен. Тимурдың анасы жұмыс істейді. Эльвира Галихановна да осы жаман кеселмен ауырады. Өзінен гөрі баласы үшін алаңдаған ана «көмек қазір маған емес, балама керек»,- дейді.
Эльвира Галиханова, науқастың анасы: «Мамыр айында білдік. Химия емін алып жатырмыз. Енді, міне үйге қайтарды. Бас миының сүйегінде қатерлі ісік бар дейді. Қазір ауру асқынуда».
Туыстарының айтуынша үшінші мегаполистің дәрігерлері науқасқа сирек келеді, анализдерді тапсыру үшін учаскелік дәрігерге әрең хабарласады екен. Тимурдың қозғалуына мүгедектер арбасы қажет, алайда оны сатып алуға отбасында қаржы жоқ, Тапқан қаражат қымбат дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалады.
Біз жас жігітке қолдау көрсетемін деген азаматтар үшін Тимур мен туыстарының байланыс телефондары мен есеп шоттарын ұсынып отырмыз. Жол жүру және емдеу шаралары үшін, сонымен қатар қоларба алу үшін отбасыға қаражат қажет.
7 701 728 2887 Халида Имамбердиева
Тимур Шапинский карта нөмірі
Каспий : 5169 4971 8407 6697
Халык банк: 6244 9548 1331 6842