Қазақстандағы эпид ахуал «жасыл белдеуден» «сарыға» ауысты. Бұл туралы бүгін еліміздің денсаулық сақтау вице-министрі мәлімдеді.
Ерлан Қиясовтың сөзінше жаңа жылдан бері көрсеткіш әлдеқайда өскен. Тіпті бұған дейін науқастар қатары 5-6-дан аспай тұрған аймақтарда вирус жұқтырғандар екі есеге көбейген. Осылай деп дабыл қаққан жауапты екінші толқынға келе жатқанымызды айтады.
Елдегі эпид ахуал қайта күшейді. Осылай деп дабыл қаққан денсаулық сақтау вице-министрі жұртты сақ болуға шақырады. Себебі көрші Ресейден вирустың мутацияланған түрі табылған. Әсіресе қатерлі індеттің өзгерген түрі жастарға жұғып жатыр екен.
Ерлан Қиясов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі: «Біз екінші толқын екенін түсініп отырмыз… Дегенмен, біз оны бірінші, екінші толқынға бөлмейміз. Іс жүзінде науқастар санының өсуі байқалады. Біз жағдайдың дамуын пессимистік емес, нақты деп айта аламыз, мұнда өсуді байқап, біз екінші толқынның даму сатысында тұрмыз деп айта аламыз. Себебі аурудың таралып, көбеюі толқын тәрізді».
Бұған дейін «жасыл белдеуде» тұрған Қазақстан қазір «сары» аймаққа ауысқан. Мұның да жағдайдың мәз емес екенін білдіреді дейді Ерлан Қиясов. Жауапты сөзінше қаңтардан бері қатерлі індет қарқыны күшейген. Елдің әр аймағында кви жұқтырғандар еселеп өсіп келеді дейді вице-министр.
Әр адамға жауапкершілікті сезіну керек деген жауаптылар елді қонаққа барып, оны шақырудан аулақ болу керек дейді. Және медициналық маска мен антисептиктен де ажыраудың қажеті жоқ деп отыр.
Ерлан Қиясов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі: «Қонаққа бармауға және қонақ шақырмауға, жеке гигиена және респираторлық гигиена ережелерін сақтауға, қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтауға, медициналық маска тағуға, антисептиктер қолдануға шақырамын. Жұмыс берушілер өз қызметкерлері мен клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек, кәсіпкерлік субъектілері белгіленген талаптарды орындауы керек. Бұл көп шығынды қажет етпейді және оларды орындау оңай».
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте вирус жұқтырғандар күніне 5-6-дан аспаса, қазір 11-20-ға жетті. Ал, бүгіннің өзінде ковид Қазақстанның 859 азаматынан анықталыпты. Айта кетейік, наурыздан бері қатерлі індет 164 477 қазақстандықтан табылды. Өкінішке орай оның 2077 қайтыс болды.
Назерке Үкібасова