Шымкентте медициналық ұйымдар коронавирусқа қарсы вакцина салуға дайын

134

Шымкентте медициналық ұйымдар коронавирусқа қарсы вакцина салуға дайын. Бұл үшін қаладағы емханаларының базасында 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылып, вакциналарды сақтауға арналған мұздатқыштар орнатылды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында қалаға «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілелмек. Аталған вакцина қалалық қан орталығы базасындағы мұздатқыш камераларда уақытша сақтау үшін орналастырылады. Мұздатқыш дайын.
Ерікті түрде вакцина егу үшін 1000 медицина қызметкерінің тізімі қалыптастырылды. Бұдан басқа, биыл ақпан айының соңына дейін қаладағы 34 емханада мұздатқыштар орнатылып, вакцинация кабинеттері ашылмақ.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлері үшін вакцинациялау мәселелері жөнінде бірнеше рет тренинг семинарлар өткізілген. Жалпы вакцинация бойынша 450 медицина қызметкері оқытудан өтті.

Тұрғындар арасында да ковидке қарсы вакцина салу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары, тиісті іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізілуде.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы