Түркістанда шығыс стиліндегі тұрғын үйлер бой көтереді

119

Түркістан қаласында шығыс стилінде жасалып, рухани астананың орталығында орналасқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды.

Қазіргі уақытта «Түркістан» ӘКК» АҚ бастамашы болған серіктеспен бірлесіп, «Keruen Sarai» жаңа тұрғын үй кешенін салу жобасын іске асыруда. Шығыс стиліндегі тұрғын үй кешені Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанында салынатын болады.

Салынып жатқан кешеннің аумағын арқылы қаланың негізгі жаяу жүргіншілер аллеясы өтеді және айналасында қаладағы жаңа нысандар мен көрнекті орындары орналасқан. Кешеннің шығыс жағында саябақ аймағы орналасып, кешеннің ауласына көпжылдық ағаштар отырғызылады.

«Keruen Sarai» құрылысының бірінші кезегі 9 аз қабатты блоктардан тұратын болады. Жалпы жаңа кешенде 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер мен екі қабатты таунхаустардың құрылысы қарастырылған. Бір алаңда екіден көп пәтер болмайды, ал таунхаустарда бөлек кіру қақпалары мен жеке террассалар болады.