ЖҰЛДЫЗНАМА – 2021 ЖЫЛ

1743
Collection of zodiac signs isolated on white background and indicated by colors of classical elements - fire, earth, air, water. Astrological constellation symbols. Colorful vector illustration

ТОҚТЫ

Қызметі мен кәсібінде сәтті жыл болғалы тұр. Әйтсе де жыл басында өзіңізді жетілдіруге уақыт бөліңіз. Қорсыну сезімінен арылып, әлсіз жақтарыңызды жеңуге тырысыңыз. Көктем айларында табысыңыз молаяды. Қызық жұмыс тауып, хоббиіңізді кіріс көзіне айналдыруға мүмкіндік туады. Бірнеше ұсыныстан ең тиімдісін таңдай аласыз. Жаз мезгілі де жайдары өтеді. Ішкі түйсігіңізге құлақ ассаңыз жеткілікті. Түйсігіңіз мақсатқа жеткізер тура әрі дұрыс жолды көрсетеді. Жыл соңында өміріңізде елеулі өзгерістер болып, жаңа жер, жаңа ортаға тап боласыз.

ТОРПАҚ

Жыл басында ойыңызға көптеген идеялар келеді. Әр идеяға мән беріңіз. Қиын әрі жүзеге аспайтындай көрінсе де бас тартпаңыз. Наурызда қалауыңыз анықталып, қай бағытқа қарай жол алатыныңыз айқындалады. Дегеніңізге бірден жете қою қиын, бірақ әрекет етсеңіз, бәрі реттеледі. Маусымнан бастап, өміріңізде жақсы өзгерістер болады. Шілдеде қызметіңіз бен жеке өміріңізде жарқын өзгеріс болады. Күз айларында да кейбір мақсаттарыңыз орындалып, жемісті болмақ. Ең бастысы – серіктес пен жаңа ортаны дұрыс таңдаңыз.

ЕГІЗДЕР

Жыл қызықты әрі шабытқа толы басталады. Өміріңізді қалай және қандай бағытқа қарай өзгертуді білесіз. Сол бағытқа қарай әрекет етесіз. Көктем айларында ортамен тіл табысуыңыз қиындайды. Әсіресе жеке өміріңіздегі кішкене түсініспеушілік болуы ықтимал. Алайда сіз әр кикілжіңнен шығудың жолын таба білесіз. Осылайша сүрінбей өтесіз. Жаз ортасы мен күзде де айыңыз оңынан туып, шығармашылық жұмыс, оқуда жетістікке жету мүмкіндігі туады. Жыл соңында бұрынғы қателіктеріңізді түзетіп, болашақты жоспарлайсыз. 2021 жылы нақты не қалайтыныңызды анық білесіз.

ШАЯН

Жаңа іс бастап, ірі жобаларды қолға алуға оңтайлы жыл. Күтпеген қолдауға ие боласыз. Көктемге дейін қызықты кездесулер мен таныстықтар болады. Кейбіріңізді романтикалық қарым-қатынас күтеді. Көктем басында ісіңізде қиындық туындаса да мәселені тез шешіп, оң нәтижеге жетесіз. Кейбір егіздер шабыттанып, жасырын талантын ашады. Мамырда қызық та еліктіретін кезең басталады. Білім алуға, жұмыс ауыстыруға, сондай-ақ, саяхаттауға да сәтті уақыт. Күз мезгілі әсерге толы болмақ. Үнемі назардасыз. Ерекше ұсыныстар түседі. Жыл соңында жаңа қызметке ауысуыңыз да мүмкін.

АРЫСТАН

Қаңтар және ақпан – сіз үшін маңызды айлар. Бұл кез – өзгеріс кезеңі. Сізге білінбеуі мүмкін, алайда ортаңыз, достарыңыз және серіктестеріңіз өзгереді. Жаңа достар, жаңа орта пайда болады. Көмек қолын ұсынғанда бас тартпаңыз. Істің жөнін білетін адамдан кеңес сұрағаныңыз артық етпейді. Мамыр – қызықты сәттерге толы ай. Көптен көрмеген адамдармен кездесесіз. Тамыздан жылдың соңына дейін жетістігіңіз көбейеді. Ара-тұра туындаған қиындықтардан оңай құтыласыз. Мәселені қалай шешуді біліп, приоритеттерді дұрыс қоясыз.

БИКЕШ

Биылға үлкен мақсат белгілеңіз. Қызығып, нағыз еңберқорлық танытсаңыз, күткеніңізден де артық жетістікке жетесіз. Өзіңізге қатал талап қойып, жауапкершілікті сезініңіз. Сол қасиеттер сізді қажет межеге жеткізеді. Қосымша жоспар құрып, әр жағдайға дайын жүрсеңіз артық етпейді. Уақыт жылжыған сайын жолыңыз болады. Жылдың екінші жартысында отбасын құру туралы жоспарлап, шешім қабылдаңыз. Қай шешімізңіз де сіз үшін қайырлы болмақ. Жыл соңында эмоциялық күйіңіз тұрақталып, жақындарыңызға қамқорлық көрсетесіз.

ТАРАЗЫ

Жаңажылдық демалысты ұзаққа созбай, іске кірісу керек. Қаңтар және ақпан – мақсаттарды айқындайтын кез. Көктемде, сәуір айында маңызды шешім қабылдауыңыз ықтимал. Бұл шешім өміріңізге үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін. Жазда сізді керемет демалыс күтіп тұр. Жалпы жаз айларында жұмысыңыз да қиын болмайды, оңай режимде өтеді. Жазда сізге ерекше әсер қалдыратын қызықты кездесулер мен танысулар күтеді. Күзде іскерлік белсенділігіңіз күшейеді. Күз айлары өте жемісті өтеді. Табысыңыз да артады. Жыл соңында маза бермей жүрген бірнеше сұрақтың жауабын тауып, көп мәселені шешесіз.

САРЫШАЯН

Қыстың соңғы екі айы – білім алып, жаңа нәрсе үйренуге сәтті кез. Қазір ұмытқан, бірақ қатты қызыққан хоббилеріңізді еске түсіріңіз. Мүмкін армандарыңыз қайта мен-мұндалар. Сол қалауларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Көктем күндері жарқын өтуі де осы сүйікті ісіңізге байланысты. Жаз – нағыз тер төгіп, еңбектенетін кез. Шабытыңыз оянып, нәтижеге жетесіз. Қаржылық жағдайыңыз жақсара түспек. Жылдың соңғы айларында эмоциялық күйіңіздің жақсарғанын байқайсыз. Сол көңіл-күйде, оптимистік көзқараспен 2022 жылға үлкен дайындық бастайсыз.

МЕРГЕН

Жыл басында апыр-топыр бір шешімге келуіңіз қате болады. Басқалардың тәжірибесіне қарап, талдау жасағаныңыз абзал. Білмейтін нәрсеңізді үйренуге де қолайлы мүмкіндік. Көктем айлары сіз үшін өте керемет өтпек. Әр күніңіз жарқын түстерге боялып, қызықты оқиғаларға толы. Қызық танысулар мен кездесулер болып, ірі жобада жұмыс бастауыңыз ықтимал. Талантыңыз ашылып, сіз үшін оңынан келмек. Жаз мезгілінде шаруаңыз әдеттегіден көбірек болса да шілде-тамызда жемісін рахаттанып көресіз. Жыл соңына романтикалық сапарлар жоспарлаңыз. Сізді тосынсый күтіп тұр.

ТАУЕШКІ

Жылдың алғашқы айлары емін-еркін және бейберекет өтіп жатқандай көрінеді. Алайда, қуануға себеп көп. Көңіл-күйіңіз қалыпты, айналадағылармен қарым-қатынасыңыз тамаша. Бастаған ісіңізді де аяғына дейін жеткізесіз. Ешнәрсеге шағымыңыз болмайды. Сәуірден бастап маңызды және пайдалы іс бастайсыз. Қиындығы да бар. Дегенмен ісіңіз жемісті болмақ. Көп адам істей алмайтын шаруаны өзіңіз істеуді мақтан тұтасыз. Күзде өміріңіздің барлық сферасында оң өзгеріс болады. Жаңа қызметке шақырады. Қызық жобаға шақырту алсаңыз таң қалмаңыз. Жыл соңында жақындарыңызға мереке ұйымдастырып, көп қуаныш сыйлауға мүмкіндік туады.

СУҚҰЙҒЫШ

Жыл қызықты оқиғаларға толы болмақ. Биыл зерікпейтініңіз анық. «Енді ғана жағдай тұрақталды» деп кең тыныстай бастағанда тағы бір күтпеген нәрсе пайда болады. Көп жағдайға көзқарасаңыз өзгереді. Бұрын ренжіскен адаммен татуласып, қайта достасасыз. Отбасында татулық артып, ынтымастық нығая түседі. Биыл өмірдің жаңа сатысына шығуыңыз әбден мүмкін. Қоныс тойын жасайсыз немесе қызметіңіз ауысады, перзент сүйесіз. Жарқын әсерлер, тағдырдың сыйы, ойламаған кездесулер болады. Қандай жағдайда әр оқиғаға мән беріп, тағдыршешті сәттерді жіберіп алмаңыз.

БАЛЫҚТАР

Қаңтар айы қуанышты хабарларға, көңілді басқосуларға толы болмақ. Жаңа достармен танысуға тамаша мүмкіндік. Ақпан айында жұмысқа, жеке өмірге және де саяси жағдайларға байланысты көп ойланасыз. Мына әлемде орныңызды іздеп жүрген боларсыз. Көктемде қызметіңіз табысты болмақ. Кез келген тапсырманы сәтті орындап, еңбегіңіз бағаланады. Мансабыңыз өседі. Сәйкесінше, табысыңыз да еселенеді. Жазда бір сәт демалып, оқуға мән берген жөн. Күзде артық уайымнан арылып, салауатты өмір салтын ұстаңыз. Ағзаны қинамай, жаңа жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алуға дайындалыңыз.

Бетті дайындаған –Райхан Әкімбаева

«Оңтүстік Рабат», №1, 7 қаңтар 2021 ж