Шымкент қалалық онкология орталығында күрделі ота жасалды

278

Шымкенттегі онкологиялық орталықта бірегей ота сәтті шықты, оны біздің хирургтар алғашқы рет жасады. 21 жастағы жерлесіміздің сан сүйегінде қатерлі ісік болған. «Сирек кездесетін мұндай саркомаға уақтылы ота жасалмағанда жас жігіт аяғынан айрылып, мүгедек болып қалатын еді», -дейді окнологхиругтар. Шымкенттік дәрігерлер науқасты аяғына тұрғызды.

Үмиджан Тлапов бір апта бұрын тіптен жүре алмай қалған. 21 жастағы жігіт қатты ауырып, онкологиялық орталыққа жатқызылады. Ал бір жыл бұрын науқастың сан сүйегінде қатерлі ісік анықталып, дәрігерлер остеосаркома диагнозын қойған екен. Дерт асқынып, ісік сау ұлпаны зақымдай бастаған. Салдарынан Умиджанның аяғын кесіп тастауға қауіп төнген еді. Алайда дәрігерлердің консилиумынан кейін аяққа күрделі ота жасалынды.

Үміджан ТЛАПОВ, емделуші: «Мен өзімді жақсы сензінемін. Қазір менің еш жерім ауырмайды, жүре аламын. Дәрігерлерге алғысым шексіз. Менің аяғымды олар сақтап қалды».

Дәрігерлер Үмітжанның қатерлі ісігін алып, эндопротез имплантациясын орнықтырды. Енді ол тізе буын функциясын орындайды. Науқасқа отаны үш білікті шымкенттік хирургтар жасады.

«Ампутация жасалынатын адам мүгедек болып қалатын, бірақ біз жаңа технологиялар бойынша науқастың аяғын аман сақтап ота жасадық»,-дейді  Шымкент қалалық онкологиялық орталықтың онкохирургы Самат ИСМАИЛОВ.

Мұндай отаны шымкенттік онкохирургтар алғаш рет жасап отыр. Бұрын мұндай қатерлі ісікпен ауырған науқастарға отаны Алматы не астанада жасайтын. Қатерлі ісіктің бұл түрі сирек кездеседі. Ең бастысы аяқты және оның функциясын аман сақтап қалу дейді дәрігерлер.

Аққали МАЙМАҚОВ, Шымкент қалалық онкологиялық орталықтың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі: «Операция барысында тізе буыны темір энопротезге алмастырылды. Мұндай ота Алматы қаласындағы окнология және радиология ғылыми-зерттеу институтында жасалады. Алайда соңғы жылдары эндопротез құрылғыларымен облыстық медицина мекемелері де қамтылуда. Сондықтан, біз осы күрделі  отаны жасадық».

Қазір дәрігерлер гистологиялық тексеру нәтижесін күтуде. Ол Үмітжанға химиятерапиясы қажет пе, жоқ па көрсетеді. Айта кетейік, алдағы уақытта бұл орталықта мұндай оталарды жасау жүйеге қойылмақ.

Шынар Оразова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интершум
КСМ. Шымкентте Қаныш Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейдегі мерекелік шараны Жас мамандар кеңесінің өкілдері бойды ширату жаттығуымен бастады. Музыканың ырғағына қарай қолдарын көтеріп біраз шыныққан ұл-қыздар шаттанып шыға келді. Мұнымен «ПетроҚазақстан ойл Продактс серіктестігі шектелмеді, Жаңа Жыл қарсаңында дарынды оқушыларға мерекелік сыйлықтарын табыс етті.
Интершум
СНХ 037501 00.12 Бүгін міне біздің мектепке ағаларымыз келіп мерекелік тарту жасап жатыр. Қолдау көрсеткен ағаларымызға алғысым шексіз…..00.25
титр Жанна ӘШЕНОВА, №7 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы
КСМ. Шара барысында ата-аналар қауымы қолдау көрсеткен Шымкент мұнай зауытының басшылығы, ұжымына алғыстарын жеткізді.
СНХ 03.6901 00.26 Балаларым жасаған жақсылықтарың Алладан қайтсын. Ризамын сіздерге:менің ұлым Шоқан әскерде жүріп үш баланы құтқарамын деп қаза болды. Оның баларын жалғызсыратпай, көмек көрсетіп жүректеріңнің жылуын сыйлағандарыңыз үшін рахмет.01.01
титр Әлия Өтегенова, 4 баланың қамқоршысы
КСМ. Мектеп басшылығы «ПетроҚазақстан ойл продактс» серіктесігінің өкілдерін құр алақан жібермей, әрдайым қол ұшын беріп, демеушілігін аямаған кәсіпорын басшылығы атына жазылған Алғыс хатын табыс етті.
Интершум Марапат
СНХ Мына қара шақырақта бүгінде 2250 оқушы оқиды. Олардың 460-ы аз қамтылған отбасыларынан ПетроҚазақстан компаниясына ризамыз. Үнемі қолдау көрсетіп келеді. үлкен рахмет.
титр Асылзат САҒЫНБАЕВА, Қ.Сыпатаев атындағы №7 мектеп -лицейдің оқу ісінің меңгерушісі
КСМ. Жастайынан тағдырдың тауқыметін көтерген бұл ұл-қыздар келешекте Бауыржан Момышұлы, Төлеген