Úı ANONS Шымкенттегі даңқты авиациялық базаның құрылғанына — 75 жыл

Шымкенттегі даңқты авиациялық базаның құрылғанына — 75 жыл

Шымкенттегі даңқты авиациялық базаның құрылғанына 75 жыл. Әскери бөлім мамандары ел аспанын кірпік қақпай күзетіп келеді. Оңтүстік өңірдегі айтулы мерейтойға ардагерлер мен әскери элита өкілдері жиналды.

 

Шымкенттік авиациялық базаның іргетасы қаланғанына 75 жыл толды. Өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастау алаған даңқты бөлім ел аспанын мүлтіксіз қорғап келеді. Салтанатты жиында сөз алған қарулы күштердің ардагерлері бүгінгі буынның кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді. Әсіресе, аспан серілерінің соңғы үлгідегі заманауи әскери техниканы игерудегі кәсібилігін мақтанышпен айтты.

 

 

НҰРЛАН ҚОЖАБЕКОВ, 55652 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БҰРЫНҒЫ КОМАНДИРІ: «Әскери бөлім небір үлкен жетістіктерге жеңістерге жетті елу бірінші жылдан бері қарай талай мықты әскери ұшақтарды игерді. Қазір өздеріңіз көріп отырсыздар өзіміздің заманымызға сәйкес СУ 32 ұшағын да басқарып отыр осы ұшқыштар осыны көріп бәріміз мақтаныш сезімі жүрегімізде пайда болып отыр әсіресе мына ардагерлерге осы әскери бөлімнің қызмет тілшілеріне тек қана өздерін биіктен көрсете білсін”

 

Мерейтой аясында авиация ардагерлері мен жеке құрам Абай саябағына арнайы барды. Мұндағы мақсат — ҰОС қатысушылары мен Чугуев әскери авиация мектебінің түлектеріне тағзым ету. Бейбіт күннің батырлары ескерткіш тұғырына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан әріптестерін бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Әуе шекарасының қауіпсіздігін қалтқысыз күзеткен жауынгерлерді Әскери-әуе күштерінің штаб бастығы арнайы құттықтап, бөлімнің стратегиялық маңызына тоқталды.

 

ЖӘНІБЕК ЖҰМАШЕВ, ӘСКЕРИ ӘУЕ КҮШТЕРІНІҢ ШТАБ БАСТЫҒЫ: «Біздің осы елу бес алты жүз елу екі әскери бөлімі тек қана оңтүстік жағын Қазақстан мемлекетінің оңтүстік жақтарын ғана емес жалпы Қазақстан шекарасын Қазақстан тәуелсіздігін қорғап жүрген азаматтардың бірі. Бүгінгі осы іс шараларды пайдалана отырып елу бес алты жүз елу екі әскери бөлім жеке құрамына денсаулық тілегім келеді әскери бөлім жоғарыдан көріне берсін денсаулықтары мықты болсын біздің ұшқыштар тек қана Қазақстан еліміздің тәуелсіздік кезінде ұшып жаттығуларда ғана тапсырмаларды орын алсын. Еліміз аман болсын жерімізде тыныштық болсын”

 

Даңқты әскери бөлімнің 75 жылдық мерейтойы «Түркістан сарайындағы» салтанатты концертпен түйінделді. Өнерпаздар патриоттық әндерді әуелетіп, ұшқыштарға ерекше құрмет көрсетті.

 

Әсел Мәлік