Тәртіп бұзған көлік жүргізушісінен аңшылық қару тәркіленді

141

Ағымдағы жылы 25 қаңтар күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің №1 рота қызмет инспекторлары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қызмет атқару барысында жол ережесін бұзған көлік жүргізушісін тоқтатады.

«Мерседес-Бенц» маркалы автокөлігінің жүргізушісінен көлік құжаттарын сұрағанда, 1996 жылғы азамат тізгіндеген автокөліктің құжаттары жоқ екенін айтқан. Автокөлікті қарау барысында көліктің артыңғы багажынан қара түсті, темірден жасалған бетінде жазуы жоқ, аңшылық қаруы табылып, тәркіленді. Жүргізуші полицияға, ал оның автокөлігі айыптұраққа жеткізілген.

Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматқа құқықтық баға берілетін болады.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі