Шымкентте көктемгі су тасқыны мен елдімекендерді су басу сияқты төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатпен шаһардағы төтенше жағдайлар департаментінің қызметі күшейтілген жұмыс режиміне өтті.
Қазіргі таңда қала аумағындағы су қоймаларының, өзендердің, каналдардың деңгейлері бақылауға алынды. Мониторинг күнделікті жүргізілуде.
Айта кетейік, Шымкент аумағында 4 су қоймасы, 3 гидроторабы, 3 өзен және 30 канал бар.
«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазсел» қорғау мекемесінің ақпаратына сәйкес 6 ақпаннан бастап жауын шашын, тауларда қар ериді деген хабарлама келіп түскеннен, Шымкент қаласы аумағындағы су қоймалары мен өзендер мен каналдардағы су деңгейі күн сайын тексерілуде. Мотопомпа, 580 қап құм дайындалды, мамандарымыз да сақадай сай», — дейді Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Төреғали ҮРКІМБАЕВ.