300-ге жуық газбен жабдықтау нысаны республика меншігіне беріледі

291

Түркістан облысында газбен жабдықталған нысандар республика меншігіне берілмек. Барлығы 300-ге жуық нысан қазір коммуналдық меншікте тұр.

Ал, оны «ҚазТрансГаз» АҚ-ның теңгеріміне өткізу жұмыстары созбаққа салынған. Бұл туралы аймақ басшысы аппарат отырысында мәлімдеді. Ал, оның себебін қала және аудан әкімдері құжаттардың баяу жиналуынан көріп отыр. Кесірінен 44 елді мекен әлі күнге дейін табиғи газға қол жеткізе алмай жүр.

Бұдан бөлек аймақ жауаптылары жұмыспен қамту жол картасы мен азық- түлік бағасын бір қалыпта ұстау тақырыбын да талқылады. Билік өкілдерінің сөзінше осы күнге дейін облыста 1000-ға жуық сауда орынында рейдтік жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде 752 кәсіпкерге ескерту жасалған. Еске салайық бұған дейін мәжілісмендер республика бойынша азық түлік бағасын тұрақтандыру туралы сауал жолдаған болатын.

Назерке Үкібасова