Алматыда ұшақ апатқа ұшырады

296

Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін 17:20-да Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бірден дабыл қағылды. Оқиға орнына апаттық құтқару жасағы шұғыл аттанды. Алдын ала таралған ақпаратқа сәйкес, борт ұшу қону жолағының бас жағында құлаған», – деді әуежайдан.

Алдын ала ақпаратқа қарағанда, төрт адам қаза тапқан, екеуі зардап шеккен. Оларды Іле аудандық ауруханасына жіберді, деп хабарлады Алматы денсаулық сақтау басқармасынан.