Бас педагог мектеп формасы емес, еркін киімде келуге рұқсат етті

187

Елімізде  санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және тұрақтануына байланысты, 1-ші наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушыларының аралас форматта оқытуға рұқсат берілді.

Білім және ғылым минситрлігі Көркем еңбек, Музыка пәндерін 1-5 сыныптарда қашықтан асинхродны форматта қалдыруды, қалған пәндерді штаттық форматқа көшіруді ұсынады. Биыл мектепті 9342 оқушы бітіреді.

Жанат ТӘЖИЕВА, қалалық білім басқармасының басшысы: «Сыныптарда 9,10,11 сыныптың оқушылары 15 адамнан екі топқа бөлініп оқиды, ал бастауыш сыныптағы оқушылар 25 баладан.. 1-ші наурыздан бастап 82 пайыз мектеп оқушылары штаттық форматпен қамтылады».

Шахардағы карантинде болған 22 мектептің әзірге 4-уі жабық. Бұл білім ошақтарының оқушылары қашықтан білім алуда. Оқушылар міндетті түрде жеке гигиена ережелерін және санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Қаланың бас педагогы оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасы емес, еркін, ұғыпты жинақы киімде келуге рұқсат етті.

Шынар Оразова