«Көрме» орталығында тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтеді

342
қант диабетіне шалдыққан азаматтарға арналған шұлық

Көктемгі мереке күндері қарсаңында «Көрме» орталығы басшылығының ұйымдастыруымен «Нұрсәт» шағынауданында  тауар өндірушілердің жәрмеңкесі  өтуде . Шара 7-ші наурызға дейін жалғасады. Санитарлық талапттарды сақтау мақсатында көрме залы бірнеше секцияға бөлінген.

Ересектер мен балаларға арналған  отандық шұлықтар  қаланың  іргесіндегі  арнайы экономикалық аймақта орналасқан фабрикада  шығарылады. Тауар өндірушілердің жәрмеңкелеріне  жиі қатысатын  компания бұл жолы да өз өнімдерін  нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен бағада саудалауда.

250 адамды жұмыспен қамтыған  фабрикада мүмкіндігі шектеулі азаматтар да жұмыс істейді. Шұлықтар  еліміздегі өңірлерден бөлек, Ресей, Италияға экспортталады.

Сүт өнімдерін Қызылордадан жәрмеңкеге  алып келген  шаруа қожалығының саудасы  жақсы жүріп жатыр. Маржан Маханбетова «жәрмеңкеге алғашқы қатысуымыз,  өнімдеріміз сұранысқа ие. Шаруашылығымызда 500 түйе, 250 сиырымыз бар. 80 жуық адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Айран, құрт, ірімшік, шұбаттан бөлек. ұлттық тағамдарды қолдан жасаймыз.Сосын шығар  қаладағы тұрғындар сүйсініп алып жатыр» -дейді.
Зауыт, фабрикалардың өнімдері, азық-түлік тауарлары, қатар жеткізушілердің заттары қашықтық сақталып сауда қатарларында  жайғасқан.

Жамбыл және Қызылордадан қатысқан кәсіпкерлерден бөлек жәрмеңкеге жергілікті шаруа қожалықтары, фермерлер қатысуда, Қарасу ауылының шаруалары  жәрмеңкеде сиырдың етін сатуда. Бағасы қолжетімді.
ҚАНСҰЛУ КӨЛІМБЕТОВА, Шымкент қаласының тұрғыны: «Жәрмеңке жиі болып тұрса, сүт өнімдерін алдым, ет алдым келісін 1800 теңгеден. Жәрмеңкеде  бағалар базардағы бағалардан төмен. Баға шарықтап кетті ғой.  Арзан деп азық-түлікті қазір жәрмеңкелерден сатып аламыз. Наурыз келе жатыр, құрма алайын деп жатырмын. 400- ден астып жатыр. Баға жақсы».

4-ші наурызда бастауын алған жәрмеңке 7-ші наурыз күні сағат 18.00-ге дейін өтеді. Азық-түлік тауарларынан бөлек, мұнда зергерлік бұйымдар және отандық кілемнің, сүлгілердің  түр-түрі сатылымда бар.

Шынар Оразова