Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетовтың бұйрығымен 2021 жылдың 12 мен 21 наурыз аралығында Шымкент қаласы аумағында «Костоправ» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі қызметкерлерімен біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Қаратау ауданының әкімшілік аумағында жалпы 13 костоправ орналасқан, оның 13 тексерілді.
Және де оларға келген әрбір автокөлік иелерімен жол-көлік оқиғаларына, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол берген немесе күдік тудырған тұлғалар анықталған жағдайда, дереу «102» сымтетігіне хабарлауы керектігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, «Костоправ» іс-шарасы барысында ұрлық жайты анықталып, ашылды. Атап айтсақ, Қаратау аудандық полиция басқармасының «102» телефонына Шымкент қаласының 68 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында өзінің үйінің алдында тұрған «Мазда-626» автокөлігінің құны 60 000 теңге тұратын 4 дана дөңгелегін белгісіз тұлға ұрлап кеткенін көрсеткен.
Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған жайтқа қатысты күдікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.