Мал ұрлаған әскерилерге сот үкімі шықты

113

Шымкентте мал ұрлаған барымташыларға сот үкімі шықты. Олардың бірі шекарашы, екіншісі әскери бөлім сарбазы. Ал қалғандары жұмыссыз азаматтар.

Сот залында айыпталып отырғандардың қылмысты өткен жылдың шілде айнан бастағаны белгілі болған. Ауылдағы ірі қараларды қоймай келген жиырма жастан асқан жігіттер жәбірленушілердің арызынан кейін құрықталды. Сот оларды кінәлі деп таныды.

Жамиля ТУЛЕНОВА, Шымкент горнизоны әскери сотының судьясы: «Ыдырыс Нұрсұлтан Орынбасарұлына қолданылған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы жойылып, сот отырысы залынан күзетілуден дереу босатылсын. Пробациялық бақылау сотталғанның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне жүктелсін. ҚР қылмыстық кодексінің 49 бабы негізінде сотталған Ыдырыс әскери эфрейтер атағынан айырылсын»

6 айыпталушының бәрі де шартты түрде 5 жыл мерзім алды. Жымысқы әрекетін жарты жыл бойы жүзеге асырған олар 1 жылқы, 3 қой және 3 ірі қараны қолды қылған. Осылай деген судья олардың бәрін сот залынан босатты. Және мұның себебін жәбірленушілердің кешірім беріп, шығынның өтелуімен түсіндірді. Және бұл қылмыстың топтасып жасалмағанын жеткізді.

Жамиля ТУЛЕНОВА, Шымкент горнизоны әскери сотының судьясы: «Жәбірленушілерге келтірілген моральдық және материалдық зиянды толығымен өндірілгенін және олардың бас бостандығынан айырмау жазасын тағайындау туралы өтініштерін ескеріп, яғни, жәбірленушілер соттан осы сотталушылардың бас бостандығынан айырмау жазасын ескеріп олардың осы сотталушылардың түзетілуі мен қайта тәрбиеленуі қылмысын ұғынуы үшін оларға қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза тағайындауға толық мүмкіндік бар».

Назерке Үкібасова