Úı Jańalyqtar Мектеп оқушылары көктемгі демалыста 12 күн демалады

Мектеп оқушылары көктемгі демалыста 12 күн демалады

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, елімізде мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады. Демалыс 20-31 наурыз аралығында болады. Сабақ 1 сәуірде басталады.

Еске сала кетсек, еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес, оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9, 11, 12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызы – дәстүрлі форматта, 30 пайызы – қашықтан) форматына көшірілген болатын.

Сондай-ақ 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптар, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін (сыныптарда бала саны 25-ке дейін) оқушыларды аралас форматта оқытуға рұқсат берілді.