Мектеп асханасы мәзіріне жылқы еті қосылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді.
Парламенттік сауалға жауап ретінде Премьер-Министрдің орынбасары және Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мектеп оқушыларының рационына жылқы етін қосу мәселесін талқылады.
1 қыркүйектен бастап білім беру мекемелерінде тамақтандыру қызметі бойынша бірыңғай стандарт күшіне енді. Ол семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайту бойынша ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес әзірленді. Стандарт жеміс-жидек пен көкөністердің үлесін арттырады және тұз бен қантқа бай тағамдарды қоспайды.
Серік Жұманғариннің айтуынша, стандартта жылқы етін рационға аптасына екі рет, бір уақытта екі порциядан қосу ұсынылады. Сонымен қатар, тамақтандыру ұйымдары әртүрлілікке, қолжетімді өнімдерге, ұлттық тағамдарға және халықаралық ұсыныстарға негізделген мәзірлерді өз бетінше жасау еркіндігіне ие.
Жалпы жылқы етінің биологиялық құндылығы жоғары екендігі белгілі. Бүгінгідей чипсы мен кириешки сияқты құнары жоқ дәмдерді жейтін мектеп оқушылары үшін жылқы етінің пайдасы мол болары сөзсіз.







