Шымкент: Коронавирустан 5 адам емделіп шықты

105

Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 17 жағдай тіркелді, 5 науқас емделіп шықты. Жалпы, 2020 жылдың 24 наурызынан 2021 жылдың 2 наурызына дейінгі аралықта қала бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 6171-ге жетті.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 44 адам ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 1 адам дертке шалдыққан. Жалпы жыл басынан бері 1465 адамға пневмония диагнозы қойылған, 5570 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «жасыл» аймақта тұр. Десе де бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.

QAINAR KÓZШымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы