Қазақстанда өткен тәулікте 1492 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 346, Алматы қаласы – 415, Шымкент қаласы – 45, Ақмола облысы – 52, Ақтөбе облысы – 61, Алматы облысы – 120, Атырау облысы – 75, Шығыс Қазақстан облысы – 38, Жамбыл облысы – 19, Батыс Қазақстан облысы – 94, Қарағанды облысы – 88, Қостанай облысы – 39, Қызылорда облысы – 13, Маңғыстау облысы – 10, Павлодар облысы – 46, Солтүстік Қазақстан облысы – 21, Түркістан облысы – 10. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны — 241873.
Осы орайда шымкенттік дәрігерлер коронавирус инфекциясына шалдыққан науқаспен байланыста болған азаматтар үйде отырып, карантин талаптарын ұстауы тиіс екенін ескертеді.