Шымкентте 7 мыңға жуық адамға ерікті түрде вакцина салынды

142

 

Шымкент қаласында 6860 адамға ковидке қарсы вакцина ерікті түрде салынды. Оның ішінде 4301-і медицина қызметкерлері болса, 2101-і педагогтар. Ал, 161-і полиция қызметкерлері мен 299 басқада санаттағы азамматтар.

Инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары қаладағы 21 емдеу мекемелерінде жүргізілуде. Бұған қоса наурыз айының соңына дейін қосымша 10 бастапқы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында вакцинация жасау үшін арнайы кабинеттер ашылмақ.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, БМСК ұйымдарының 450 медицина қызметкері үшін вакцинация мәселелері бойынша тренинг семинарлар өткізді. Бұдан бөлек, тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізілуде.

Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация алдында дәрігер егуге келген адамды міндетті түрде тексереді.