Шымкентте көктемнің алғашқы аптасында 20 мың түп ағаш отырғызылды

178

Шымкент қаласында көктемнің алғашқы сенбісінде жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, ағаш көшеттер отырғызылды. Қала әкімінің бастамасымен қолған алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар белсене қатысты.

Бұл күні қала әкімі Мұрат Әйтеновтің басшылығымен Абай ауданының аумағына 20 мың түп қарағаш пен жыңғыл ағашы отырғызылды.Көшеттер Ақжар тұрғын алабына дейінгі көшенің бойына, мұсылман мазаратының маңына және Бадам өзенінің жағалауы сынды жерлерге егілді.

Сонымен қатар, аудандағы 72 аулаға 3 мың түп раушан гүлі егілді. Бұл жұмыстарға көп қабатты тұрғын үй тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері қатысты.

Бұл күні қала әкімдігінің құрылымдық 10-нан астам басқарма қызметкерлері Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябағына тазалық жұмыстарын жүргізді.