Шымкентте «Өнер барысы» анықталды

180

Шымкентте өнер жұлдыздары кілемге шығып, қазақ күресінен кім мықтыны анықтады. Әз Наурыздың онкүндігі аясында өткен “Өнер барысы” респуликалық турнирі Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Әншілер, вайнерлер мен актерлер төрт салмақ бойынша кілемге көтерілді. Барлығы 20 балуан қатысты. Бапкер Жангелді Хамитовтың айтуынша бәрінің де дайындығы жоғары екен.

Жангелді Хамитов, бапкер: «Мен “Өнер барысында” Еркебұлан Дайыров пен Бейбіт Құшқалиевті дайындадым. Еркебұлан Дайыров осымен үшінші рет қатысады. Бейбіт Құшқалиев екі рет қатысты. Жігіттердің дайындығы өте тамаша қолдан келгеннін барлығын үйреттік. Ортада үйреткен әдістерін көрсетсе. Жеңіс тілейміз жігіттерге. Жарыс өте жақсы өтіп жатыр».

Танымал әнші-актер палуандар қатарында Асылхан Төлепов, Арман Коңыр, Еркебұлан Дайыров, Тәуелкел Мүсілім бар. Олар төрт салмақ бойынша жеңімпаз атанды. Актер Тәуекел Мүсілім бас жүлдені иеленді. Бас жүлдеге 1 млн. 200 мың теңге берілді. Күреске бейім Тәуекел қарсыласын 10 секундта жеңіп, рекорд орнатты.

Тәуекел Мүсілім, “Өнер барысы” жобасының жеңімпазы: «Әрине қуаныштымын алғашқы жеңісім. Чемпион атанғаныма өте қуаныштымын. Жалпы киноларда көрсетіп жатады ғой жеңісін біреуге арнап. Сол себепті, қазір осы сәтті пайдалана отырып анама, әйеліме, ұлыма осы жеңісімді арнаймын. Бапкеріме де көп рақмет. Әрине келесі жылы қатысамыз. Бұл белбеуді қорғаймыз. Дайындаламыз. Бұданда жақсы өнер көрсетуге тырысамыз».

Бұл жоба үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Сара Сахынбек