Түркістанда биік ғимараттар құрылысы басталды

336

Түркістан қаласында аспанмен астасқан ғимараттар салынуда. 22 және 17 қабаттан тұратын бұл нысанда пәтерлер мен сауда орталықтары орналасады.

Айта кетейік, ЮНЕСКО талабы бойынша аумақта Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен биік нысан болмауы керек. Алайда, шаһар әкімінің сөзінше жаңа жоба талапқа еш қайшы келмейді. Қайта ғимараттар қала көркін аша түседі дейді қала басшысы.

Зәулім ғимараттар киелі кесенеден бірнеше шақырым алыс жердегі жаңа шағынауданда бой көтеруде.
Айта кетейік, басталған құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.