Тұтынушылар шағымдарын онлайн жолдай алады

110

Енді тұтынушылар шағымдарын онлайн оңай әрі тез жолдай алады. Бұл туралы Шымкент қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департементінің басшысы Әлібек Тілегенов мәлімдеді.

Ол үшін бірыңғай ақпараттық жүйесінің цифрлық платформасы жүзеге асқан. Шағымдарды e-tutynushy.kz веб-сайты немесе әлеуметтік желі арқылы жолдауға болады. Бұл жоба жұмыс істеуі үшін тұтынушы және сауда нысаны ақпараттық жүйеге тіркелген болуы керек.

Тіркелген жағдайда сауда нысанына айқындауыш QR код беріледі. Ол сауда ғимаратының есігінде немесе басқа да оңай көзге түсетін жерлерде орналасады. Қазіргі таңда барлық сауда нысандарын осы ақпараттық жүйеге тіркеу жұмыстары жүріп жатыр.

Әлібек ТІЛЕГЕНОВ, Шымкент қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы: «Тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы басты жаңалықтардың бірі — бірыңғай база мен аранайы мобильді қосымша болып отыр. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың e-tutynushy.kz мобильді нұсқасы да бар. Қазір ендіріліп отыр. Бір тұтас жүйенің жұмысы былай болады. Әр сауда жеке айқындауыш болады. Ол КьюАР код түрінде нысанға орналастырылады. Егер құқығым бұзылды деп санасаңыз кодты сканерлейсіз және телефондағы арнайы қосымшамен жүйеге шағым бересіз».

Цифрлық жүйе бұл шағымды қай мекемеге жіберу керектігін автоматты түрде анықтайды. Тұтынушыға адресат, өтінішті қарайтын мекеме және нәтижесі көрініп тұрады. Сонымен қатар, шағымды кәсіпкер өзі де көріп отырады. Ол 10 күн ішінде мәселені өз бетінше шеше алады, яғни тұтынушының заңды талаптарын қанағаттандыра алады.

Егер бұндай әрекет жасалмаса, процеске мемлекеттік органдар автоматты түрде қосылады. Айта кетейік, 15 наурыз бүкіл дүниежүзілік тұтынушыларды қорғау күні.

 Олжас Айдарбек