«Қыз тағдыры-ел тағдыры! Сталкинг пен қыз алып қашуға жол жоқ-бұл қылмыс» Осындай атаумен полиция департаментінің ұйымдастыруымен қаламызда форум өтті. Мақсаты адамның жеке бас бостандығына қол сұққандардың жаңа заңда қылмыскер танылатынын көпшілікке ұғындыру. Жиында жәбірленушілердің қандай құқығы бар екендігі, қандай қарекет жасау керектігі түсіндірілді.
Тоқтаусыз хабарлама жазып, қоңырау шалу. Өзгенің еркіндігіне қол сұғып аңду, бопсалау бұл – сталкинг. Небәрі 2 айдың ішінде Шымкент қаласы бойынша осындай шағыммен 25 адам арыз жазған. Оның 4 — еуі сотқа жөнелтілді. Ал алып қашу бойынша 19 факт тіркеліп, 1 іс сотқа жолданған. Мұндай жағдайға душар болған жәбірленуші физикалық, психологиялық зардап шегеді. Тіпті қорыққаннан қандай әрекетке баратыны белгісіз
ҮМІТ ҚОҢЫРАТ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГ МАМАНЫ: «Сталкингтің салдары адам тіпті қатты қорыққаннан қандай жағдайда өз өзіне жасауы мүмкін. Суицид жасауы мүмкін. Қорыққаннан. Сондықтан да оны қорықпай айта білген жөн. Ондай жағдай басынан өтіп жатса мамандар бар, тіпті студенттер болса оқу орындарында да көмектесетін мамандар бар. Және мемлекетіміздің арнайы 102 арнасы бар».
Мамандар сталкингтің құрбаны болған жан үрейге бой алдырып отырмауы керек дейді. Өйткені жаңа заң мұны қылмыстық іс ретінде қабылдайды. Енді сталкер 115 баптың 1ші бөлігіне сай 200 АЕК айыппұл немесе 50 тәулікке қамауға алынады. Тек ол үшін жәбірленуші дәлелдер жинақтауы қажет. Әлеуметтік желідегі хабарламалар, қоңыраулар, тіпті мүмкін болса аңдып жүргендегі суреттері болса істің жеңілдеуіне әсер етеді. Ал бүгінге дейін дәстүр саналып жүрген алып қашудың да жазасы қатаңдатылған.
ЕРКЕБҰЛАН ЕРЕЖЕПОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Неке құруға мәжбүрлеу бойынша айтатын болсақ. Бұл бізде 125 примда көрсетілген. Бұл жаңа заң нормасы. ҚР әр адамның құқықтары тең. Осы себептен әр адамның таңдауы бар.Бұл заң бойынша еркінен тыс қызды алып қашатын болса мәжбүрлеу фактісі бойынша егер ауыр мән жайлар болған жағдайда 5жылдан 10жылға дейін. Ал адамдар тобында болса 3-7-ға дейін айыру шаралары көрсетілген».
Бұған дейін еркінен тыс алып қашқан қыз «өз еркіммен тұрмысқа шығудамын» деп жазған арызын қайтарып алса іс жылы жабылатын еді. Қазір өзгеше. Іс терең зерттеледі
ЕРКЕБҰЛАН ЕРЕЖЕПОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қыз өзі келісіп тұрмыс құрамын деген жағдайда екі жақтың ымырласуына байланысты қысқартылуы мүмкін. Бірақ ақтамайтын мән жайлар бойынша қысқартылады. Яғни бұл адамның өмір бақи сотты болды деген қылмыстық іс қозғалды деген өмір бақи атында қалады».
Қыз алып қашу,сталкинг бұл- махаббат емес. Адам құқығын аяққа таптау бұл – қылмыс. Сәйкесінде бұған жауапкершілік қарастырылған.
Ботакөз Әнуар






