12 700 түркістандық коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады

265

12 700 түркістандыққа коронавирусқа қарсы вакцина егіліп үлгерді. Бұл туралы облыстың бас дәрігері мәлімдеді.

Марат Пашимов сөзінше оның 6173 екпенің екінші кезеңін алған. Қатерлі індетке қарсы препарат қабылдағандардың қатарында әзірге медицина мамандары, полицейлер мен мұғалімдер тұр.

Айта кетейік, соңғы тәулікте вирус тағы 7 түркістандықтан табылған. Осылай деген басқарма басшысы тұрғындарды вакцина салдыруға шақыруда. Сөзінше тәжівирустан құтылудың ең оңай жолы вакцина ектіру.

Назерке Үкібасова